Түркияда 7 күндік аза тұту күні жарияланды

Түркияда жер сілкінісіне байланысты жеті күндік аза тұту күні жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

«6 ақпанда болған жер сілкінісіне байланысты Түркияда жеті күндік аза тұту жарияланды», — деді ел президенті Режеп Тайып Ердоған.

Оның айтуынша, аза тұту жариялануына байланысты Түркия бойынша және елдің шетелдегі өкілдіктерінде мемлекеттік тулар жексенбі, 12 ақпанда күн батқанға дейін төмен түсіріледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сириядағы жер сілкінісі құрбандарының саны 3800-ден асты. Түркияда дүйсенбі күні кешке 2379 адам қаза тауып, 14 483 адам зардап шекті. Сирияда кем дегенде 1444 адам қайтыс болды, 3530 адам зардап шекті.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...