Кеңестік құжатпен жүрген егде жастағы азаматқа жаңа құжат табысталды

Жетісай аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметіне жергілікті тұрғын келіп, қазақстандық құжат алу үшін көмек беруін сұрайды. Яғни 1959 жылы туған ер адамның айтуынша, ол 1974 жылғы КСРО құжатын жоғалтып алып, содан мүлдем құжатсыз қалған. Арадан жылдар өтіп, зейнет жасына жеткен сәтте құжатын рәсімдеуге өтініш білдірген.

Осы ақпарат бойынша полицейлер бірден іске кірісті. Бірінші кезекте тұрғынның кеңестік төлқұжатының түбірін анықтап, одан әрі азаматтың құжатын заңдастыру жұмыстарын жүргізді.
Аталған азаматтың арнайы өтініші бойынша басқа да заңды мекемелермен байланыс жасады. Нәтижесінде полиция қызметкерлері көп кешіктірмей Т.Төрехановтың Қазақстан Республикасының азаматы екенін растайтын жеке куәлігін дайындап, қолына табыстады.

Ұзақ уақыт бойы өзінің жеке басын растайтын құжатсыз жүрген Тойлыбек Төреханов, оны тез арада рәсімдеп берген жетісайлық көші-қон қызметінің полицейлеріне алғысын жаудырып, ризашылығын білдірді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Туризм и точки притяжения 

К Всемирному дню туризма президент Ассоциации индустрии туризма и...

Цифровые доказательства в производстве следственных действий

Трехдневный тренинг на тему «Обращение с цифровыми доказательствами при...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...