Полицейлер оқушылармен нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Есірткіге жол жоқ!" тақырыбында маңызы зор іс-шара ұйымдастырды. Ауқымды шараға Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полициясы мен дәрігер-наркологтар жұмылдырылды. Семинарға Түркістан қаласында орналасқан №28 және №18 Ж.Еділбаев мектеп-гимназияларының мұғалімдері мен оқушылары қатыстырылды.                      Семинар барысында тәртіп сақшылары оқушыларға есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетіп, есірткі мен психотроптық заттардың зияндылығы туралы айтып берді.                  
     Полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және заңдарды сақтауға шақырды. Семинар соңында тәртіп сақшылары оқушылармен бірге есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған "Есірткіге жол жоқ!" парақшаларын қоғамдық орындарға орналастырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...