Полиция мас күйінде көлік жүргізген тұрғынды жауапқа тартты

Кешкі уақытта полиция қызметкерлері Шолаққорған кенті көшелерінің бірінде жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған ресейлік "ВАЗ" маркалы автокөлікті тоқтатты.                    
Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, автокөлік жүргізушісінде ішімдік ішудің белгілерін байқап, медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес Созақ ауданының тұрғыны мас күйінде көлік жүргізгені расталды.                
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша  әкімшілік хаттама толтырылды.                  
Жинақталған материалдар тиісті заңды шешім қабылдау үшін Созақ аудандық сотына жіберілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...