12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бітімгершілікке бойұсыну берекеге бастайды

Халқымыздыңдаңқты батыры Бауыржан Момышұлы «Ердің туы – намыс«, «Арлы адам – ардақты, ар – ардақтың анасы» дегенді бекер айтпаған. Өйткені, адам баласы үшін ар-намыс пен абыройдың орны әркез биік. Жалпы алғанда ар-намыс, абырой, іскерлік бедел тиісті құқықтық қорғауды қажет ететін кез келген мемлекет пен қоғам үшін ең маңызды әлеуметтік-құқықтық құндылықтар болып табылады.

Мұны айтып отырғанымыз, жеке және заңды тұлғалардың ар-намысына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтірілген жағдайда олардың  өзін-өзі қорғау мүмкіндігі Ата Заңмен, сондай-ақ, ҚР Азаматтық кодексінің 143-бабымен қарастырылған. Аталған заң талабына сай, ар-намысқа тиетін, іскерлік-беделін түсіретін, қадір-қасиетін қорлайтын ақпараттардың шындыққа сәйкес келетінін дәлелдеу міндеті оны таратқан адамға жүктелген.

Ал, өзі жөнінде ақпарат таратылған азамат ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне дақ түсіретін мәліметтерді сот тәртібімен теріске шығаруды талап етуге құқылы. Бұл мәселеде талапкер жағымсыз мәліметтерді жауапкердің таратқандығын  дәлелдесе болғаны.

Мағлұматтар басылымдар арқылы таратылса, олардың жалғандығы туралы ақпарат  сол БАҚ-та ақысыз шығарылуы тиіс. Жоғарыда аталған баптың 4-бөлігінде көрсетілгендей, БАҚ-тың терiске шығаратын  жауапты жариялаудан бас тартуы немесе бiр айдың iшiнде бұл жөнінде жарияланым жасамауы сотта қаралады.

Теріс мағлұматтар ұйым құжаттарында көрініс тапқан жағдайда олардың шындыққа сай келмейтiндiгi тиiстi адамға хабарланады, бұған қоса құжат алмастырылады немесе керi қайтарылады. Бұдан өзге жайттарда терiске шығару тәртiбiн сот белгiлейдi. Айта кетерлігі, соттың шешiмiн орындамаған тәртiп бұзушыдан бюджет кiрiсiне айыппұл өндіріледі. Бірақ, бұл айыппұл тәртiп бұзушыны сот шешiмiнде көзделген әрекеттi орындау мiндетiнен босатпайды.

  Егер мұндай ақпарат жеке адамға қатысты таратылған болса, оларды теріске шығарумен бірге азамат мағлұматтар барысында келтірілген залалмен қатар моральдық зиянды өтетуге де құқылы. 143-баптың  6-бөлігінде көрсетілгендей, бұл қағида заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғауға да қолданылады. Айтып өтерлігі, заңды тұлғалар моральдық зиянды өтеу туралы талап қоя алмайды, олар үшін іскерлік беделді қорғауда залалдың орнын толтыру көзделген.

Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді құқықтық қорғау мәселелері өзектілігін жоймайды, себебі, олар азаматтың жеке басына, заңды тұлғаның беделіне тікелей байланысты. Ел соттарында ар-намыс, абырой, іскерлік беделді қорғау туралы істердің аз еместігін ресми мәліметтер жоққа шығармайды. Бұл азаматтар мен заңды тұлғалардың өздерін қорғау құқықтарын белсенді түрде пайдаланатындығының жарқын көрінісі.

Дегенімен, мұндай істерді татуласу тәсілдерімен шешудің тиімді екенін айтқымыз келеді. Себебі, даукестікке салынбай, бітімгершілікке бойұсыну, яғни, даулы істі ушықтырмай бітіру барлық уақытта берекеге бастайды. Мұны бабаларымыз баяғы заманда-ақ дәлелдеп кеткен. Тараптардың іскерлік беделге, қадір-қасиетке нұқсан келтіруден туындайтын дауларды жүйкеге салмақ түсірмей, заң аясында өзара түсіністікпен шешуге ұмтылуы өз кезегінде жалпы қоғамды татулыққа тәрбиелеуге, сондай-ақ, құқықтық мәдениетті арттыруға септігін тигізер еді.

Асем Хасенова,

Бостандық аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...