Полицейлер екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында, күнделікті қызмет атқарады. Осындай кезекті жұмыс күні полицейлер, Жетісай қаласы көшелерінің бірінде түнгі сағат 01:55 шамасында жүрісі күмәнді «Ауди 100» маркалы көлікті тоқтатады. Тексеру кезінде полицейлерге «Аudi-100» маркалы көлік иесінің мас халде екені сезік тудырды. Тәртіп сақшылары осы жайтты нақтылау үшін медициналық сараптама тағайындады. Куәландыру қорытындысына сәйкес күдікті азаматтың масаң күйі расталды.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Себебі жүргізуші 2020 жылы ішімдік ішіп көлік басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша жауапқа тартылып, Жетісай аудандық сотының қаулысына сәйкес 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған. Яғни жүргізуші жаза арқалағанына, оның мерзімі аяқталмағанына қарамастан тағы да масаң күйде көлік тізгіндеген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Полицейлер ескертеді: автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...