Полицейлер бөтеннің үйінен техника мен ыдыс-аяқ ұрлаған жас жігіттерді анықтады

Түркістан қалалық полициясы басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, түнгі уақытта белгісіз біреулер үйінен теледидар, ноутбук, тұрмыстық техника, ыдыс-аяқ және басқа да құнды заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі жарты миллион теңгеден асты. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Түркістан қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобы іздестіру іс-шараларын жүргізіп, үй ұрыларын ұстауға бағыт алды. Полицейлер ауланы аралап, бейнебақылау камераларын мұқият зерттеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде учаскелік полиция инспекторлары бейнебақылау камераларының көмегімен екі күдіктіні анықтады. Полиция басқармасына жеткізілген сезіктілер, облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...