12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Көлгінов Мәдениет және спорт министрлігінің алдына жаңа міндеттер қойды

Елімізде 100-ден астам спорт кешені салынып, балаларға арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге 87 млрд теңге бөлінеді. Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің қатысуымен өткен Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Спорт және дене шынықтыру саласындағы жұмыс қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов биыл спортшыларды, жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдау шараларын көрсету, мүмкіндігі шектеулі спортшыларға жағдай жасау және т. б. бойынша жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

«Биыл жаттықтырушы-оқытушыларға топтарды басқарғаны және спортшыларды жоғары спорт ұйымдарына бергені үшін, сондай-ақ спорттық атақтары үшін үстемеақылар мен қосымша ақылардың жаңа түрлерін енгізуді жоспарлап отырмыз», — деді Асхат Оралов.

Вице-премьер Алтай Көлгінов спортты дамыту тек кәсіби спортшылардың көрсеткіштері мен жетістіктері ғана емес, сонымен қатар бүкіл ұлттың саулығы екенін атап өтті. Сондықтан спорт және дене шынықтыру саласын барлық бағыттарда дамыту қажет.

«Мемлекет басшысы спортты дамытуға, оның ішінде бұқаралық спортқа, балалар мен жасөспірімдер мектептері мен федерацияларын қолдауға ерекше назар аударады. Спорт нысандарында тапшылық бар екенін ескере отырып, 2025 жылға дейін 100-ден астам спорт кешенін салу қажет. Бұл 300 мыңнан астам адамды спорт сабақтарымен қамтуға мүмкіндік береді. Спорт инфрақұрылымы жоқ өңірлерде, елді мекендерде модульдік спорт ғимараттарын салу керек. Мәдениет және спорт министрлі өңірлермен бірлесіп осы бағыттағы жұмысты жандандыруы қажет, барлық нысандар белгіленген мерзімде тапсырылуы тиіс», — деді вице-премьер Алтай Көлгінов.

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов биыл балаларға арналған спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге 87 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінетінін атап өтті. Бұл 560 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді тегін сабақтармен қамтуға мүмкіндік береді. (2022 жылы – 400 мыңнан астам).

Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері де балалар арасында ұлттық спортты насихаттау басым міндеттердің бірі екенін атап өтті. «Қазақ күресі» мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде қаржыландырылатын спорт секцияларының тізіміне енді. Сондай-ақ олардың қатарына «Тоғызқұмалақ» және «Асық ату» ұлттық спорт түрлері енгізу жоспарланған.

Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігінің алдында кәсіпқойлардың, жаттықтырушылар мен мамандардың бірыңғай электрондық дерекқорын іске қосу міндеті тұр. База спортшының физикалық және моральдық жағдайын, оның күшті және әлсіз жақтарын объективті бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ таланттарды іздеу және дамыту жөніндегі жұмысты жүйелеуге және спортшылар мен жаттықтырушыларды бағалау кезінде субъективтілікті болдырмауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, алқа отырысы барысында 2023 жыл – Олимпиадаға дейінгі жыл екендігі атап өтілді. Мәдениет және спорт мнистрлігінің Ұлттық Олимпиадалық комитетімен және федерациялармен бірлесіп, алдағы Париж-2024 жазғы Олимпиада ойындарына сапалы дайындықты қамтамасыз етуі маңызды. Федерация жұмысының негізгі көрсеткіштері Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарындағы нәтижелер болады.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....