Мекеме жаңа техникалармен қамтамасыз етілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесі 2023-ші жылы тергеудегілер мен сотталғандарды тасымалдау үшін арнайы қызметтік жаңа автокөлікпен қамтамасыз етілді. Департамент бастығы әділет полковнигі Манарбек Серікқалиұлы Габдуллин жеке құраммен кездесіп, қызметтеріне сәттілік тіледі. Болашақта тергеу изоляторының материалдық техникалық базасын нығайту үшін бірқатар іс-шаралар өткізілетінін атап өтті.   

Жаңа жыл мекеме үшін жақсылығымен басталғанының бір айғағы көптеген қызметте қажетті техникалар атап айтар болсақ қызметкерлер радио- рациялармен, жаңа үлгідегі нысанды киімдермен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар мекеменің сыртқы және ішкі аймақтары дерлік 200-ге жуық бейне бақылау камералары орнатылды, барлық жеке құрам бейне тіркегішпен қамтамасыз етілді. Бейнебақылау жазбаларын мекеме бастығы, ҚАЖД, ҚАЖК тиісті қызметкерлері бақылау жүргізе алады. Мұндай бейнебақылау камераларының басты мақсаты сыбайлас жемқорлық, азаптау фактілерінің алдын алу болып табылатыны анық.

Думан Таженов, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №75 мекемесі (тергеу изоляторы) бастығы, әділет подполковнигі

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...