Астанада өңірлік мерзімді басылымдар форумы өтіп жатыр

Бүгін «Қазмедиа» орталығында өңірлік мерзімді баспасөз басылымдары форумы басталды

Астанада өңірлік БАҚ форумы өтіп жатырФото: adyrna.kz

Ақпарат және  қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан өңірлік БАҚ форумын Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов ашты.

«Форум барысында медиа саласында туындаған бірқатар мәселені қызу талқылау, ой-пікірлерді ортаға салу жоспарланып отыр. Іс-шараның басты мақсаты — заманауи медиа саласы бойынша оңтайлы тәсілдер қарастырып, бір-бірімізбен тәжірибе алмасу, оған қоса мерзімді баспасөз саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікірталас алаңын ұйымдастыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында бүгінде БАҚ бәсекеге қабілетті әрі еркін болуы керек екенін атап өтті. Бұл қағидат кез келген өркениетті мемлекет үшін маңызды болып қала бермек», — деді модератор форумның ашылу салтанатында.

Қанат Ысқақовтың айтуынша, бүгінде мерзімді баспасөз саласында бәсекеге қабілетті болу үшін ақпараттың сапасына айрықша назар аудару қажет.

Сондай-ақ ол Қазақстандағы медианы одан әрі дамыту үшін министрлік жыл сайын өткізіп отыратын «Тұмар» мен Astana Media Week іс-шараларында өңірлік БАҚ саласына қатысты мәселелер қозғалатынын атап өтті.

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Орталық Азия экономикасының жалпы көлемі жарты триллион доллардан асты....

«Каждая минута важна: как в Алматинской области оказывают медицинскую помощь матерям и детям в сложных случаях?»

Осложнения на последних сроках беременности, преждевременные роды или состояние,...

Более полувека служения судебной системе

В Алматы по инициативе председателя Алматинского городского суда Армана...

Поворот исполнения решения суда

Поворот исполнения судебного решения – это процессуальный механизм восстановления...