Ақтөбеде ҚАЖ саласының Ардагерлер кеңесі өткен жылды қорытындылап, 2023 жылы атқарылатын жұмыс жоспарын бекітті

Ақтөбе облысының ҚАЖ саласы ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігі облыс бойынша ҚАЖ департаментімен бірлесіп, сала ардагерлер кеңесінің отырысын өткізді.
Іс- шараға Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов, Ақтөбе облысының ҚАЖ ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов және ҚАЖ саласының ардагерлері қатысты.
ҚАЖ ардагерлер қоғамының тарихына шолу жасап жиынды ашқан облыстық ҚАЖ ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов, өткен 2022 жылда аталған қоғамдық бірлестіктің сала ардагерлерін қатыстыра отырып, атқарған жұмыстарына есеп беріп, жылды қорытындылады.

«Бүгінгі бас қосуымыздың үлкен мәні бар. Өйткені, облысымыздың жан- жақты дамуы жолында атқарылып келетін іргелі істерде ардагерлеріміз, яғни сіздер секілді ақсақалдарымыз бен апа- қарындастарымыз шет қалмай, белсенділік көрсетуі қажет. Сондықтан, мұндай басқосудың өтуі бәріміз үшін де тиімді екені рас», — деді Ақтөбе облысының ҚАЖ ардагерлер ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сақыткерей Баймағамбетов.

Алқалы басқосуда бірқатар маңызды ойлар ортаға салынды. Сала ардагерлер ұйымдарының алдағы атқаратын жұмыстары мен міндеттері айқындалып, ұсыныстар тыңдалды. Жаңа президиум мен тәлімгерлер таныстырылып, 2023 жылы сала ардагерлерін қатыстыра отырып қоғамдық бірлестіктің атқаратын жұмыстарының жоспары таныстырылды.

Іс- шара соңында жыл бойына қоғамдық жұмыстарға қатысуда белсенділік танытып, ҚАЖ саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар ардагерлер «Қазақстан Полициясына 30 жыл толу» медалімен марапатталды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы,
Фото автордыкі

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...