Полицейлер ойнап жүріп жоғалған баланы тауып, отбасына қайтарды

 Күндізгі сағат 16:45 шамасында Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын 6 жасар ұлының жоғалғанын хабарлады. Әйелдің айтуынша, аулада ойнап жүрген ұлы бір сәтте ұшты-күйлі жоқ болған. Өздігінен ары-бері іздегенімен таба алмаған әйел, уақыт өткізбестен полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.   
 Төлеби аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция иснпекторлары полиция капитаны Руслан Кемел мен полиция лейтенанты Бағдат Махатов екеуі ақпарат алысымен кішкентай баланы іздеуге кірісті. Сол аумақтағы жергілікті тұрғындардың көмегімен іздеу жұмыстарын ұйымдастырды.  
 Оқиға орнына жақын аймақтар мен баланың баруы мүмкін жерлер толық тексерілді. Жан-жақты жүргізілген іздестіру нәтижесінде жарты сағат ішінде жасөспірім өз үйінен 2,5 шақырым қашықтықта ойнап жүрген жерінен табылып, заңды өкіліне аман-есен тапсырылды. Тәртіп сақшылары тарапынан ата-анасына алдағы уақытта мұндай әрекеттерге жол бермеуі ескертілді, профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.      
Өз кезегінде кішкентай баланың анасы, төлебилік полиция қызметкерлерінің жедел әрекетіне риза болып, жұмыстарына сәттілік тілеп, аналық ақ тілегін жеткізді.        

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...