Полиция браконьерлерден қырғауыл еті мен аңшы мылтық тәркіледі

 Шардара аудандық полиция бөлімінің полицейлері браконьерлік пен табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардың жолын кесу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, жабайы құстарды заңсыз аулаудың кезекті дерегін анықтады. 
 Нақтырақ айтсақ, Сырдария өзені жағасындағы Көксу кентінің маңында түнгі сағат 23.20 шамасында учаскелік полиция инспекторлары "Охотзоопром" өкілдерімен бірлесіп, "Опель Вектра" маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде автокөліктің салонында Шардара ауданының тұрғындары, яғни жүргізуші мен үш жолаушы болды. Заттай дәлел ретінде браконьерлерден бір аңшылық мылтық пен атылған екі қырғауылдың еті тәркіленді. 
 Сондай-ақ  жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырыллы, олар: 612-баптың 2-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» мен 590-баптың 9-бөлігі «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу». Автокөлік айыптұраққа қойылды. 
 Сонымен қатар тіркелмеген атыс қаруына сот-криминалистикалық сараптама тағайындалды. Жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша сотқа жіберілетін болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...