Түркістан облысының полицейлері пәтер ұрлығының 11 жайтына қатысы бар күдікті екеуді ұстады

  Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері Кентау қаласында бөтеннің мүлкін ұрлаумен айналысқан екі күдіктіні ұстады. Үй ұрылары 11 жайт пәтер ұрлығын жасаған.        
   Мәселен Кентау қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, үйінен құны 6,5 миллион теңгеге жуық болатын алтын бұйымдары ұрланғанын жеткізді. Тағы бір жәбірленуші пәтерінен ақша мен құны 1,7 миллион теңгеден асатын алтын зергерлік бұйымдарын ұрлағанын хабарлады. Осыған ұқсас мәлімдемелермен тағы бірнеше жергілікті тұрғын полиция бөліміне жүгінді.
    Криминалдық полиция қызметкерлерінің жүйелі іздестіру шараларының нәтижесінде, екі күдікті бірден анықталды. Олардың бірі Кентау қаласынан, екіншісі Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұсталды. Күдікті екеу бұрын бірнеше рет сотталған Кентау қаласының тұрғындары. Бүгінгі таңда күдікті 2 ер азамат қамауда.            
   Тергеу барысында күдіктілердің қала тұрғындарының пәтерлеріне кіріп, содан кейін үйдегі алтын бұйымдар мен ақшаны жымқырып отырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 13 миллион теңгені құрайды. Ұрланған алтын бұйымдардың бір бөлігі, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. 
    Қазіргі уақытта аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...