Түркістан облысында Газель жүргізушісі 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Кезекті жұмыс күні Мақтаарал АПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 00:40 шамасында Атакент кенті көшелерінің бірінде жарық шамын жақпай келе жатқан «ГАЗ 3302» маркалы көлік құралын тоқтатады. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның алкогольдік ішімдік ішіп көлік құралын басқаруына күдік туындап, медициналық куәландырудан өткізілді. Нәтижесінде жүргізушінің көлік құралын ішімдік ішіп басқарғаны анықталды. 
Осыған байланысты жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс құжаттар жинақталып, Мақтаарал аудандық сотына жолданды. Сот қаулысымен жүргізуші 15 тәулік әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды. Сонымен қатар көліктің жарық шамын жақпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен хаттама толтырылды.             Осылайша тәртіп сақшыларының кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында соңы адамдардың өлімімен немесе қандай да бір орны толмас қайғылы жағдайға аяқталуы мүмкін жол қозғалысы ережесін бұзу жайты уақтылы тоқтатылды.     Жалпы 2022 жылы мақтааралдық полицейлермен мас халде көлік басқарған 39 жайт анықталып, тиісті жауапкершілігі қаралған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...