10 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 10 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан аумағының басым бөлігіне арктикалық антициклон әсер етеді және жауын-шашынсыз аязды ауа райы болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты қар жауады, облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарда кейде қалың қар жауып, жел күшейеді, боран, тұман, көктайғақ болуы мүмкін», — делінген Қазгидромет хабарламасында.

Түнде Маңғыстау облысында қатты аяз — 25 градус, Атырау облысында қатты аяз — 30 градус, Ақтөбе облысында қатты аяз — 35-39 градус, Қостанай облысының шығысында қатты аяз — 40 градус болуы мүмкін.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Батыстан соғатын жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -28-30 градус болады.

Алматыда күн бұлтты, таңертең және күндіз қалың қар жауады. Кейде тұман, көктайғақ болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -4-6 градус аяз болып, күндіз одан да төмендейді.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады. Кейде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -7-9 градус болады.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...