Қазақстанда жылдық инфляция 20 пайыздан асты

2022 жылғы желтоқсанда Қазақстанда инфляция былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайыздан асты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

«2022 жылғы желтоқсанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,3 пайыз болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 25,3 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 19,4 пайызға, ақылы қызметтер 14,1 пайызға өсті», — делінген хабарламада.

Азық-түлік арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, желтоқсанда қияр 35,6 пайызға, қызанақ 14,6 пайызға, тәтті бұрыш 8,4 пайызға, пияз 7,9 пайызға, қызылша 3,8 пайызға қымбаттаған.

«2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда шақпақ қант 92,7 пайызға, кір сабын 87,6 пайызға, кеңсе тауарлары 70,3 пайызға қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде сұйытылған газ (баллондарда) – 23 пайызға, қырыққабат 15,2 пайызға арзандады», — делінген хабарламада.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қостанай және Жамбыл облыстарында тіркелген – әрқайсында 1,9 пайыздан (республикалық орташа деңгейден 0,7 п.т. жоғары), ең төмені Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында – әрқайсында 0,7 пайыздан.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...