Полицейлер жедел басқару орталығы камераларының көмегімен есірткіні сақтау жайтын анықтады

Түркістан қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін сақтау жөніндегі қызметті атқару кезінде, бейнебақылау камераларының көмегімен есірткі заттарын пайдалану мен сақтау дерегінің жолын кесті.
Нақтырақ айтсақ, кезекші полицейлер түнгі сағат 01:00 шамасында бейнекамералар арқылы көшелердің бірінде өзін күмәнді ұстап, белгісіз затты пайдаланып отырған "КИА" маркалы көліктің жүргізушісін байқады. ЖБО кезекшілері барлық мән-жайды анықтау үшін тез арада Түркістан қаласының патрульдік полиция инспекторларын жіберді.
Оқиға орнына шыққан тәртіп сақшылары жол бойында тұрған күмәнді көліктен есірткіні заңсыз сақтау дерегін анықтады. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары сезікті жергілікті тұрғыннан есірткіге ұқсас заты бар полиэтилен пакетін тапты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарды есірткі заттарын қолданбауға, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға және жаман әдеттерден бас тартуға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Заслуженная оценка высокого профессионализма 

В СОВРЕМЕННОМ ОБЩЕСТВЕ РОЛЬ СУДЕБНОЙ СИСТЕМЫ И ЕЕ ЗНАЧЕНИЕ...

Әр адам өз сөзінің жауапкершілігін сезінуі керек

Сөз жәй ғана сөз емес, тәрбие құралы, сондықтан әр...

Тіл-халық қазынасы

Қазақ тілі қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: СОТ ӘДІЛДІГІНІҢ САПАСЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ФАКТОР

Құқықтық мемлекет құру жолында тіл мәселесі екінші кезектегі емес,...