Екі жылдан бері созылып келе жатқан сот ісі қайта жалғасуда

Осыған дейін Орал қалалық соты шеше алмаған  Кублей зауытына қатысты дау бүгін қайта жалғасты. Зауыт иелерінің талап арызы бойынша іс бұдан былай БҚО облыстық сотында жалғасуда. Еске сала кетсек, осыдан бір ай бұрын, яғни 23 қарашада Орал қалалық соты өндірістік істі тоқтатқан болатын. Судья тараптарды ымыраға келуге шақырған еді. Алайда тараптардың өздері ымыраға келу туралы өтініш бермегендіктен, олар соттың шешіміне наразылық білдіріп, апелляциялық сот алқасына шағымданған болатын.

Сондықтан бүгін Оралда «Кублей» ЖШС кәсіпорны тарапынан Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың үстінен түскен шағым бойынша апелляциялық сот алқасының отырысы өтті. Оған облыстық соттың судьясы  Айгүл Маштақова, «Кублей» ЖШС өкілдері мен сотқа шақырылған жауап берушілер және үшінші тараптың өкілдері қатысты.

Судья Айгүл Маштақова сот отырысын ашқаннан кейін тараптардың пікірін білу мақсатында қатысушыларға сөз берді. «Кублей» ЖШС адвокаты Бақытжан Базарбек Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың тараптарды ымыраға келуі үшін өндірістік істі тоқтатып тастауын заңсыздық деп атады. Оның сөзінше, Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптары бойынша пікірталастан кейін соттың өндірістік істі тоқтатуға құқығы жоқ. Судья шешім шығаруы тиіс болған. Бірақ қоғамдағы резонансқа байланысты сот шешім шығара алмаған. «КУБЛЕЙ» ЖШС ЗАҢГЕРІ ЖӘНІБЕК БАШАНОВ:

«23 қара күні судья Жорабаев шешім шығарады деп үміттендік. Бірақ ол кеңесу бөлмесіне кетіп, ақыры  тараптарды татуласуға шақырды. Ол 23 қазанда шешім шығарып тастауы тиіс еді. Уақытты созды- созды. Оның әрекеті азаматтық процессуалдық іс жүргізуге сай емес. Жорабаев ҚР Азаматтық процессуалдық іс жүргізу кодексінің 273 бабын негізге алып, өзара ымыраға келуге шақырғанын айтты. Бұл жерде медиация бар, ымыра жоқ. Сондықтан мен  қалайша ымыра келу керектігін мүлдем елестете алмаймын және заңның талабы бұзылған деп санаймын. Өндірістік істі тоқтатуға ешқандай негіз жоқ. Ымыраға келу туралы қаулының күшін жойып, істі экономикалық соттың қарауына жіберуіңізді сұраймын», – деді

Тараптардың пікірімен танысқан судья Айгүл Маштақова ақылдасудан кейін өз шешімін жария етті.

«2022 жылғы 23 қарашадағы ұйғарым осы азаматтық іс бойынша өзгертілсін. Анықтаманың негізгі бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын, жеке шағымдар ішінара қанағаттандырылады. Ұйғарым жария етілген күннен бастап күшіне енеді, шағымдануға жатпайды Судьяның іс жүргізуді тоқтатқаны АІЖК 273 – бабының 7-бөлігіне сәйкес. Әріптестері мұны іс жүргізу нормаларын бұзу деп санамайды, өйткені соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру құқылы.  Сондықтан сот тараптарға дауды шешу үшін тағы да шаралар қабылдауға мүмкіндік берді.  Бірақ АІЖК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес сот іс бойынша іс жүргізуді 273-баптың 7-бөлігіне сәйкес 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы. Сондықтан 10 жұмыс күні аяқталды және мен тараптардың дауды бейбіт жолмен шешуге келмегеніне көз жеткізгендіктен, мен іс бойынша өндірісті қайта бастауды талап етемін. Біз істі бірінші сатыдағы сотқа жібереміз, ол дауды мәні бойынша қайта бастауға және қарауға жатады. Бұл мерзім аяқталды. Тараптардың ымыраға келіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге қарсы екеніне менің көзім жеткендіктен, сот ісі әрі қарай жалғасатын болады», – деді  БҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

Істің жай жапсарына тоқтала кетсек, «Кублей» ЖШС өкілдері өндіріс аумағына жақын жерден заңсыз құрылыс нысандарын салуға рұқсат берген Орал қаласының әкімдігі мен қалалық жер қатынастары басқармасын сотқа берген болатын. Әкімдіктің өкілдері 30 жылдық тарихы бар алып зауыттың жанынан тұрғын үй тұрғызуға не себепті рұқсат бергендерін нақты түсіндіре алмай келеді. Заңсыздықтың салдарынан зауыт жабылып қалған жағдайда, өндіріс орнындағы 700 адам жұмысыз қалуы бек мүмкін. Сондықтан өнімдері сұранысқа ие зауыт жұмысына кедергі келтіргендер әрекеті құқықтық баға берілмей келеді. Қоғам назарын аудартқан іс қазір қайта жалғасуда.

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...