12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жемқорлық сенімді сетінетеді

Сот саласының жұмысы азаматтарға алақандағыдай айқын. Жаңа технология жетістіктерін мейлінше оң пайдаланудың арқасында сот саласының ашықтығы, қолжетімділігі, жеделдігі артқаны кім-кімге де белгілі. Ашықтық артқан сайын сала жұмысына қатысты күмән, күдік азаяды. Соған орай сот қызметіндегі барлық іс-шаралар жұртшылыққа дер кезінде жеткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарымен де, қарапайым азаматтармен де байланысты жақсы жолға қойылған. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәуекелдерді кеміткенін айта кеткен жөн.

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген саланың дамуына кедергі келтіретіні рас. Жең ұшынан жалғасу орын алған жерде әділдік, тура төрелік болмайды. Осындай кемшілікке жол бермес үшін сот саласында кешенді шаралар қолға алынды. Оның біріншісі саланы толық ақпараттандыруға, қызметті адами фактордың араласуынсыз, онлайн жүргізуге бағытталды. Электрондық сервистердің көмегімен бүгінде істер судьяларға теңдей бөлініп беріледі. Іс материалдары компьютердің көмегімен әділ іріктелетіндіктен, бұл жұмысқа қатысты күмән де біртіндеп сейілді. Екіншіден, қазір Сот кабинеті сервисі арқылы арыз, шағымды, құжаттарды, сұраныстарды онлайн жолдауға мүмкіндік мол. Азаматтар үйде, кеңседе отырып-ақ ешбір сот маманының көмегінсіз өз сұрауын жібере алады. Бұл соттан таныс іздеу, мәселесін пара арқылы шешу сияқты заңсыз әрекеттердің толық жолын кесті. Сот отырыстарының дыбыс-бейне жазба құрылғыларының көмегімен таспаға жазылуы да оң үрдістің бірі. Таспаны тоқтатуға, редакциялауға болмағандықтан, азаматтар сот отырысының талапқа сай өтетініне көз жеткізе бастады.

Үшіншіден, сот пен халықты жақындатып, өзара байланысты нығайтуға байланысты тұғырлы бастамалар қолға алынды. Сот төрағасы мен судьялар үнемі қабылдау өткізіп, өткір сұрақтардың бәріне дер кезінде, тыңғылықты жауап берген соң, азаматтар да ара ағайын іздеу, сотқа сенбеу әдетінен алыстады.

Төртіншіден, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңды түсіндіру, пара алған ғана емес, пара берген адамның да жауаптылыққа тартылатынын тәптіштеп ұғындыру азаматтарды жемқорлықтан сақтандырудағы пәрменді күш екені күн өткен сайын көз жеткізіп келеміз. Мұндай насихат, ақпараттандыру шарасынан судьялар да, сот мамандары да шет қалған емес. Құзырлы орган өкілдерімен бірігіп ұйымдастырылатын шараларда, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен БАҚ-та тұрақты жарияланатын мақалаларда сыбайлас жемқорлықтың зиянын, залалын көрсету арқылы кеселдің таралуына, жегіқұрттың етек жаюына барынша тосқауыл қойып келе жатқанымызды да айта кеткеніміз жөн.

 Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы күрес жүргізу аса маңызды. Себебі соттың қызметтері қылмыспен күресуге және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әділ сот төрелігін іске асыруға бағытталған. Бұл салалардағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісі мемлекеттің беделін және билікке деген сенім негіздерін бұзады. Соған орай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы заңнаманы сақтауы, конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу басты назарда тұр.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайту, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту бүгінгі күннің басты міндеті.

Дәулет Аркинов,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының төрағасы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...