КОЛОНИЯДА БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің бастамасымен «Атамекен» Астана қаласы Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен №3 мекемеде мекеменің өнеркәсіптік аймағының аумағында өз өндірісін орналастырғысы келетін кәсіпкерлер үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Іс-шараға Департаменттің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Гүлмадина Аханова, «Атамекен» ӨКП директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нұргүл Ахметова, сондай-ақ елорда мекемелері мен кәсіпкерлері қатысты.

Бизнес өкілдеріне бос өндірістік үй-жайлар көрсетілді, сондай-ақ мекемеде өндірісті ашу тәртібі мен шарттары түсіндірілді. Кездесу барысында кәсіпкерлер мекеме аумағында тігін бұйымдарын, жиһаз өндірісін ашуға ниет білдірді, сондай-ақ сотталғандар үшін қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал ететін жылыжайға қызығушылық танытты. Сонымен қатар, кәсіпкерлерді мекемеде бизнес субъектілері ұйымдастырған жұмыс істеп тұрған өндірістермен таныстырды. Қазіргі уақытта мекемеде 50-ге жуық сотталған жұмыспен қамтылған 5 бизнес субъектісі орналасқан.

Осы субъектілер қызметінің негізгі бағыттары жол белгілерін, металл конструкцияларын, төсеніштерді және т. б. дайындау болып табылады. Сотталғандарды жұмысқа орналастыру залалды жәбірленушіге өтеу мерзімінен бұрын босатудың немесе жазаны ауыстырудың негізгі шарты болып табылады-деп атап өтті Гүлмадина Аханова.

Сот жүйесіндегі цифрландыру: тиімділік пен жауапкершілік

     Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрландыру үрдісі қарқынды...

ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

Уважаемая Аида Галымовна! Как Вам известно, 30 января 2026 года...

Отандық соттағы цифрлық трансформация

Әлем дамудың өзгеше жолын таңдады. Бүгінгі таңдау – жерасты...

Семейные ценности и ответственность — основа будущего

В учреждении минимальной безопасности в Семей Абайская область был...

Отбасы құндылығы мен жауапкершілік – болашақтың негізі

Семей қаласында, Абай облысы аумағындағы минималды қауіпсіздік мекемесінде отбасы...