12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Деструктивті діни ағымның кесірі түсіндірілді

Келес аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға жастардың жат ағым жетегіне еріп кету себептері түсіндірілді. Олардың радикалды діни ағымнан аулақ болуы басты назарда.

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Келес аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Аширбаев сотталғандарды жеке-жеке қабылдап оларға жат ағымнан сақтанудың жолодары жайында түсіндірме жұмысын жүргізді. Аталған шараның мақсаты — діни негіздегі қақтығыстардың алдын алу және олардың профилактикасы бойынша бөлінген мақсатты топтар немесе дінге сенуші азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Статистика сүйенер болсақ, дінге қызығушылық білдіретін адамдардың басым бөлігі қажетті мағлұматтарды ғаламтор неме әлеуметтік желісі арқылы іздейді. Қазіргі таңда, еліміздегі жастардың басым бөлігі діни сауатын ең алдымен ғаламтордан ашатыны баршаға белгілі. Яғни қазіргі ғаламтор сайттары, видеохостингтер, әлеуметтік парақшалар, блогплатформалар және басқа да байланыстырушы масс-медиа құралдары әлемде жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаңа қауіптердің туындауына септігін
тигізуде.

Заман талабына сай күн өткен сайын әртүрлі жаңашылдық елімізге еніп жатыр. Ғаламтордың адамға пайдасы зор. Бірақ, біз осы мүмкіндікті теріс әрекетке жұмсап жіберетін кездер де болады.

Қазіргі жастарымыз діни сауттылықты мешіттерде арнайы дәріс беретін имамдардан алудың орнына, әлеуметтік желіде таратылып жүрген видороликтер мен жазбалардан алғанды жөн санайды. Кейбір сайттарда дінді дұрыс насихаттаса, енді екіншісі дінді бұрмалап теріс пікір қалдыратыны жасырын емес. Тіпті, өздерінің істеген істерін және сөйлеген насихат сөздерін дәлелдеу мақсатында Қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, жастардың санасын улап, жат идеологиясын тарататыны жасырын емес. Дінге бет бұрғысы келген жастарымыз осындай теріс ниетті діндарлардың жетегіне еріп, қатесін кеш түсініп өкініштен өзегі өртенген жүрмесін.

Радикалды діни ағымның жетегіне еріп, өзінің қателігін кеш түсінгендер жетерлік. Деструктивті ағымдардан сақтану қажет. Дін дегеніміз өте күрделі. Ол туралы ақпаратты кез-келген орындардан, сонымен қатар рұқсат етілген кітаптар мен сайттардан алған дұрыс. Және де еліктіру жолдары әлеуметтік желілерде тез таралады, оны дін жолына аяқ басқан жастарымыз осы дұрыс екен деп қабылдайды. Сондықтан діни секталардың құрбанына айналмас үшін діни білімімізді арнайы оқу орындарынан және діни орталықтан сұрап білулеріңізге болады. қазіргі таңда Келес аудандық пробация қызметінің есебінде екі сотталған әлеуметтік желі арқылы теріс діни ағымды өзгелерге таратқаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасына тартылып, сот жүктеген міндетті орындауда.

Теріс діни ағымды насихаттаған адамдар ҚР ҚК 147 бабы бойынша жазаға тартылатынын естен шығармаса екен. Сондай-ақ, дәстүрлі дінге қайшы ағымдарды қоғамда деструктивті немесе теріс пиғылды діни ағымдар деп атайды. Яғни, «деструктивті» деген сөз латын тілінен «құлату», «қалыптасқан жүйені бұзу» деген мағынаны білдіреді. Жалпы айтсақ, діннің атын жамылған жат ағымдардың немесе топтардың мүшелері діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар жастарымызды өз қармақтарына түсіру үшін өздерін ақиқат жолындағы шынайы діндарлар етіп көрсетіп, Отанына, отбасына және ата-бабамыз ғасырлар бойы дәріптеген дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге күдік келтіріп, қарсы қояды. Осындай дінді теріс бағытта насихаттайтындардан сақ болыңыздар, — деді Келес аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Нұрдәулет Аширбаев

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

Легендарный судья-фронтовик

МУЗЕИ, АРХИВЫ И ДРУГИЕ ЦЕНТРЫ КУЛЬТУРЫ АКТИВНО ИСПОЛЬЗУЮТ СВОЙ...

Голос манипуляции: не стать жертвой мошенников

ТЕЛЕФОННОЕ МОШЕННИЧЕСТВО – ЭТО НЕ ТЕХНИЧЕСКОЕ ПРЕСТУПЛЕНИЕ В КЛАССИЧЕСКОМ...

Судопроизводство в эпоху цифровизации 

На юридическом факультете Казахского национального университета имени аль-Фараби состоялась...

Из детдома — в кошмар

Семья из Каркаралинского района Карагандинской области шесть лет подвергала...

Семей қаласындағы қарттар үйінің тұрғындарына мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды

9 мамыр мерекесімен №21 мекеме қызметкерлері Семей қаласындағы қарттар...