СҚО бойынша ҚАЖД ведомство ардагерлерімен кездесті

СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде басшылықтың ардагерлермен кездесуі өтті, оған ведомстволық бағынысты мекемелердің бастықтары да онлайн режимде қатысты. Қазіргі уақытта Департаменттің есебінде 594 ардагер тұр.

Кездесу барысында ардагерлер кеңесінің 10 өкілінен тұратын төраға тағайындаумен «Ардагерлер Төралқасын» құру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ әрбір ведомстволық бағынысты мекемеде ардагерлер тобы ұйымдастырылып, басшылар бекітілетін болады.

Олардың міндеттеріне Департаменттің мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларына қатысу, ардагерлер ұйымына кіру жөніндегі жұмысты жандандыру және жас қызметкерлермен белсенді тәрбие және ағарту жұмыстарын жүргізу бойынша бақылау кіретін болады.

Кеңес төрағасы енді мекемелердің әрбір қызметіне тәлімгер ретінде ардагерлер тағайындалатынын хабарлады. Мұндай тәлімгерлік институты ішкі істер органдарындағы маңызды білім мен тәжірибені, дағдылар мен жұмыс әдістерін беру механизмі ретінде әрекет етеді.

Медициналық және материалдық көмек көрсету сапасын жақсарту, сондай-ақ мұқтаж ардагерлерге моральдық қолдау көрсету қажеттілігі атап өтілді.

Қазақстандағы Конституциялық комиссия мен цифрлық платформалар реформаның инклюзивтілігін қамтамасыз етті – америкалық сарапшы

Қазақстандағы конституциялық реформа өзгерістерді дайындаудың инклюзивті тетіктерінің және реформаларды...

Референдум как показатель политической вовлеченности граждан в принятие государственных решений

Референдум в Казахстане позволяет зафиксировать несколько важных тенденций в...

Новая Конституция – это общественный выбор в пользу обновления и стабильности

Прошедший референдум по новой Конституции показал, что предложенная реформа...

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...