14 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚР аумағының басым бөлігіне антициклон әсер ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Тек еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаяу бұрқасынмен қар, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады», — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, оңтүстікте тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болуы ықтимал және оңтүстік-батысында жел күшейіп, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -20-22, күндіз -14-16 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -9-11, күндіз 0-2 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз +3+5 градус болады.

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...