12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда мұз көшкіні болуы мүмкін

Алматылықтарға мұз көшкіні туралы ескерту жасалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы тәуліктерде Алматы өзендерінің арналарына жақын жерде мұзды су тасқыны, мұз көшу қаупі сақталады.

«Сағат 16:30-дар шамасында Есентай өзенінде мұз көшкіні жүріп өтті. Мұз көшкіні табиғи құбылыс, температураның ауытқуынан туындайды. Орынға Төтенше жағдайлар департаменті, «Қазселденқорғау» ММ және басқа да қызметтердің мамандарынан құралған барлау топтары аттанды. Барлау тобы өзен арнасы мен жаяу жүргіншілер жолын мұздан тазарту жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде жылжымалы мобильді бекеттер орнатылды», — делінген ТЖД хабарламасында.

Сараптама қорытындысы бойынша, мамандар мұз Есентай су қабылдағышың үстінде пайда болғанын анықтады. Кей жерлерде Есентай өзенінің арнасының қоршауы зақымданған. Сондай-ақ, кейбір аудандарда мұз сынықтары өзен арнасының бойындағы жаяу жүргіншілер жолына да жайылған.

Алматыда «мұз көшкінінің» салдарын жою мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазіргі уақытта мұз көшкіні Есентай су қабылдағышының үстіндегі өзен арнасында тоқтады. Көшкен мұздың көлемі — 6500-6700 шаршы метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Айта кететін жайт, температураның төмендеуіне байланысты өзендерде мұз қабаттары пайда бола бастайды. Ұзақ уақытқа созылған аяз немесе кенеттен жылыну салдары мұз көшкініне (мұзды су тасқыны) әкелуі мүмкін. «Қазселденқорғау» және Төтенше жағдайлар департаменті мамандары дабыл қағуда. Жақын күндері мұз көшкінінің жүру қаупі сақталады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына Қарғалы, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы және т.б. өзен арналарынан алыс болуға шақырамыз», — деді Алматы қалалық ТЖД өкілі.

Легендарный судья-фронтовик

МУЗЕИ, АРХИВЫ И ДРУГИЕ ЦЕНТРЫ КУЛЬТУРЫ АКТИВНО ИСПОЛЬЗУЮТ СВОЙ...

Голос манипуляции: не стать жертвой мошенников

ТЕЛЕФОННОЕ МОШЕННИЧЕСТВО – ЭТО НЕ ТЕХНИЧЕСКОЕ ПРЕСТУПЛЕНИЕ В КЛАССИЧЕСКОМ...

Судопроизводство в эпоху цифровизации 

На юридическом факультете Казахского национального университета имени аль-Фараби состоялась...

Из детдома — в кошмар

Семья из Каркаралинского района Карагандинской области шесть лет подвергала...

Семей қаласындағы қарттар үйінің тұрғындарына мерекелік құттықтаулар ұйымдастырылды

9 мамыр мерекесімен №21 мекеме қызметкерлері Семей қаласындағы қарттар...