Ұрлық жасаған тұлға анықталды

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 5-ші жұлдызында Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі станциясына кіре берісінде 2943 шақырым тұсындағы бағдаршамының қасында тұрған арнайы қораптың ішіндегі «СТ-5» маркалы 10 дана трансформаторлары белгісіз тұлғалармен жасырын ұрланған. Аталған дерек Қызылорда ст. ЖПб-нің арыздарды есепке алу кітабына тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қызылорда ст. ЖПб криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен ұрлық жасаған тұлғаны анықтау мақсатында жүргізілген жедел іздестіру  іс-шаралары барысында, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінің тұрғыны 1985 жылы туылған М. есімді азамат анықталып, одан заттай дәлелдемелер толығымен тәркіленіп алынды. Аталған тұлға ұрлық жасаған кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда ст. ЖПб

«Боқаевтың жиенімен жасалған екінші келісімшарт туралы білмедім» – куәгер Артықбаева

Бүгін Боқаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша өткен сот отырысында...

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...