12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сайлауы қашан өтетінін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сайлауы қашан өтетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловтан қандай жауап алғысы келетінін айтты.

«Үкіметтің негізгі міндеті — еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу. Бұл — Үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі. Сондықтан мен премьер-министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді.

Жалпы, Жаңа жылға Үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма? Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру Үкіметтің қолынан келе ме? Үкімет іштен және сырттан болатын барлық экономикалық қауіп-қатерлерге қарсы тұра ала ма? Меніңше, бұл мәселелер Мемлекет басшысының Премьер-Министрмен және Парламент депутаттарымен өткізетін консультациялары кезінде мұқият талқылануы керек», — деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Тоқаев парламент сайлауы қашан өтетінін айтты.

«Алдымызда тұрған міндеттер — өте күрделі. Бұл міндеттер бүкіл ел азаматтарына қатысты. Сондықтан біз парасатты түрде, бірлігімізді сақтап, бәріміз бірге еңбек етуіміз керек.

Келесі жылдың бірінші жартысында елімізде парламент сайлауы өтеді. Мен ұсынған саяси реформалар бағдарламасына сәйкес заң шығару билігі және жергілікті өкілді органдар сапалық тұрғыдан маңызды өзгеріске ұшырайды.

Үкімет те осы реформа үдерісінен тыс қалмауға тиіс. Бұл жұмыс бір уақытта, бір қарқынмен жүргізілуі керек. Сол себепті, мен барша Үкімет мүшелері осы мәселе жөнінде ойлануы керек деп санаймын.

Халқымыздың игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз табысты болсын», — деді ол.

Қазақстанның 2025 жылғы ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай прошёл конкурс снежных фигур среди осуждённых

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...