12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот ғимаратына кіріп-шығу тәртібі

Сот ғимаратына кірудің бұлжымас заңы, яғни өз тәртібі бар. Сот — кез — келген адам баса-көктеп, әрлі-берлі өте беретін аула емес екені анық. Онда жолы түскен әрбір азаматтың білуі тиіс қатаң сақталар қағидалар бар.

«Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды (Қағида) бекіту туралы» Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығы қолданысқа енді.

Бұл қағида келушілер, процеске қатысушылар, сот процесіне қатысатын өзге де адамдар, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар үшін республика сот органдарының аумағы мен ғимараттарындағы өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібін регламенттейді. Осы қағидаға енгізілген жаңа ұғымдардың біріне сәйкес, сот ғимаратының көпшілік кіретін бөлігі дегеніміз — күту залдары, сот отырыстарының залдары, хат-хабарларды қабылдау және беру үй-жайлары, фронт-офистер.

Жергілікті соттардың сот приставтары тиісті үлгідегі киімдермен, темір іздегіш құралдармен, кісенмен, резенке таяқпен қамтамасыз етіледі.

Сот ғимаратының қауіпсіздігін тек сот приставы жане күзет қызметі басқармасының қызметкерлері ғана емес басқа сот қызметкерлерінінде міндеті болып табылады. Сот қызметкерлері сот ғимаратының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық сезікті заттар мен азаматтардың әрекеттеріне ерекше көңіл аударуды, мұндай жағдай анықталса тез арада сот приставына, кіру бекетіндегі полиция қызметкеріне хабарлап айтуы керек. Адамдардың күзетілетін ғимаратқа және режимдік үй-жайларға кіріп кетуінің, ғимараттан тиісті рұқсатсыз қызметтік құжаттарды және материалдық құндылықтарды алып шығудың, ғимараттан қызметтік құжаттарды және материалдық құндылықтарды ұрлаудың, ғимаратқа техникалық байқау құралдарын атыс, суық қаруды, арнайы құралдарды рұқсатсыз кіргізудің алдын алу.

Сот ғимаратының қауіпсіздігін сақтау мақсатында, әр қызметкер сот приставымен өзара үйлесімде жұмыс істеуі қажет. Бұл дегеніміз соттың, ең бастысы азаматтардың қауіпсізідігін қамтамасыз етудің алғы шарты болып табылады.

Қызылорда қаласының

мамандандырылған тергеу сотының

аға сот приставы:  Б.Изенов

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...