Түркістан полицейлері жаяу жүргіншіден 1,5 келіге жуық марихуана тәркіледі

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғынның бірі үйінде есірткі затын сақтайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат бойынша тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, сезіктінің Қазығұрт ауданының тұрғыны екенін анықтады. Осылайша «Рефлекс-2022» жедел-профилактикалық шарасы шеңберінде күдіктінің жеке басы, тұрғылықты мекенжайы анықталып, оның үйіне тінту жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде тұрғынның үйінің ауласындағы қорасынан 5 дана полиэтилен пакетке салынған жасыл түсті, өсімдік тектес есірткіге ұқсас зат табылды. Тәркіленіп алынған айғақты зат сараптама қорытындысымен 1,5 келіге жуық «кептірілген марихуана» екендігі анықталды.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарға есірткі заттарын сақтау және заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Сондай-ақ азаматтарды зиянды әдеттерден бас тартуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...