Пробация қызметі жазасын өтеуден жалтарып, жасырынып жүрген сотталғанды ұстады

Алматы қаласы Алмалы аудандық пробация қызметі және аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция тобының қызметкерлерінің тығыз қарым-қатынастағы бірлескен іздестіру шараларының арқасында, пробация қызметіне тіркеуге келмей, жасырынып жүрген сотталған ұсталды.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі таңда аталған сотталғанға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасын бас бостандығынан ауыстыру туралы ұсыныс Алмалы аудандық сотына жолданған.

«Алмалы аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлімі  2 тармағымен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған Т. сот үкімімен белгіленген мерзімде пробация қызметіне есепке тұруға келген жоқ. Осыған орай, Алмалы аудандық пробация қызметінің қызметкерлерімен сотталғанға алдын-ала іздестіру шаралары жүргізілді және аталған іс-шаралар барысында сотталғанның тұрғылықты мекен-жайы анықталмады.

Осыған байланысты, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін сотталғанға ҚР ҚАҚ 68 бабының 2 бөлігі, ҚР ҚК-нің 44 бабы 3 бөлігіне сәйкес бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін», — дейді Алмалы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Санат Беспаев.

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...