Әділет департаментінің мамандары сотталғандармен кездесті

ҚР-ның 2002 ж 18 наурызындағы № 304 Заңының 3-бабының 4) тармақшасына сәйкес, әділет органдары заң көмегін ұйымдастыру, және көрсету мен құқықтық насихатты қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыруға міндетті.

Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласына қарасты № 68 мемлекеттік мекемесіндегі сотталған азаматтарға тегін құқықтық кеңестер беру үшін Қызылорда облысының Әділет департаментінің мамандары арасында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы Ж.Нағашыбай, Қызылорда облыстық нотариаттық палатасының нотариусы А.Тажиев және Қызылорда облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Б.Ширахманова мен А.Жұбатханов және баспасөз хатшысы А.Нүрпейісова келді.

Кездесу барысында мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеуші азаматтары тарапынан сала мамандарына өздерінің қылмыстық, азаматтық істері, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққаннан кейін үкім бойынша келтірілген залалды өндіру мерзімдері бойынша көптеген сұрақтар қойылды.
Қойылған сұрақтар бойынша білікті мамандар кеңінен құқықтық түсінік берді.

Бұл кездесуде сотталғандарды негізінен шартты түрде мерзімінен бұрын босату, оларға шығарылған сот үкімдерінің объективтілігі мәселелері қызықтырды.

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...