Түркістан облысында полицейлер денсаулығы сыр берген жүргізушіге алғашқы көмек көрсетіп, алғыс арқалады

Түркістан облысының полицейлері күнделікті өздеріне жүктелген қиын да қауіпті жұмыстарымен қатар, қажет сәтте дәрігердің де қызметін атқарып, қиналған жанға алғашқы көмек береді. Бұлай деуімізге Сайрам ауданында орын алған мына бір жайт себеп болып отыр. Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік желі қолданушысының бірі полицейлердің жүргізушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткеніне куә болып, өз парақшасында алғыс жазбасын қалдырған. 
Онда: «Бүгін Ақсукент тас жолында «Лада приора» көлігі тоқтап тұрғанын көрдім. Көлік иесі есінен талып қалған екен. Мен дереу тоқтап, дәрігер ретінде көмектесейін деп барсам, үш полицей көмектесіп жатқанын байқадым. Бірі арнайы жақ бетімен ұстап жатқызған, екіншісі тілін қайтарған, ал үшіншісі жолда көлік кептелісі болмау үшін жолды реттеп тұр. Мен қалай көмек көрсеттіңіз деп сұраған кезімде, бізді арнайы оқудан өткізеді деді - СУПЕР!!! Рахмет сіздерге. Сайрам Ауданы Полиция Басқармасы алғысым шексіз. Халыққа жақын полиция деп осыны айтуға болады!!!»-деп ізгі тілегін жеткізген. Бұл жазбаны өзге де желі қолданушылары бөлісіп, аталмыш полицейлерді марапаттау керектігін жеткізген. 
Сайрам ауданында орын алған бұл жағдайда денсаулығы сыр берген жүргізушіге көмектескен полиция майоры Бахадүр Кұрбантаев, полиция капитаны Ержан Матов, полиция лейтенанты Абзал Әбдірасилов екені анықталды. Аталмыш полицейлер сол күні түнгі уақытта рейд жұмыстарын жүргізіп келе жатқан. Содан жол бойында белгісіз ер адам тоқтатып, көлікте жүргізушінің талып қалғаны туралы жеткізген. Мұны естіген полицейлер бірден әрекет етіп, екеуі жүргізушіні көліктен шығарып, алғашқы көмекті берсе, соңғысы жедел жәрдем шақырып, көшеде кептеліс болдырмау шараларын атқарған.  

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...