Полицейлер желіде танымал жастармен кездесіп, меморандумға қол қойды

Бүгінгі күні әлеуметтік желі адамдар үшін ең маңызды дүниелердің бірі болып отыр. Онда өзінің атын қалыптастырып, жақсы жағынан танылып жүрген белсенді жастар өте көп, тиісінше олардың аудиториясы да баршылық. Мұны ескерген түркістандық полицейлер өңірде өз танымалдылығы бар жастармен кездесіп, дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мұндағы негізгі мақсат-әлеуметтік желілерде танымал аккаунттар мен блогерлердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, халық арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бірлесіп жүргізу.

Қала жастары жиналған дөңгелек үстелде Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Бақытқали Кенжебаев пен ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Абдужаппарова сөз алды. Спикерлер желі белсенділерін жол апаттарының алдын алу, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Біз- жолдағы қауіпсіздік үшін» деген тақырыбында сұхбат өрбітті.

Өз кезегінде жиынға арнайы келген блогерлер ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, ашық әңгімелесу жүргізілді. Кездесу соңында желі қолданушылары мен полицейлер арасында алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасау үшін меморандумға қол қойылды.

Ал жастар болса, тұрғындардың амандығы үшін, яғни көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтауына азғантай да болса ой салып, қолдау білдіруге, қолдарынан келгенше жәрдем етуге тырысатындықтарын жеткізді. Сондай-ақ жол апаттарынан бөлек, жаяу жүргіншілер жолағынан өтуде де жастардың абай болуы үшін
“тик ток” арқылы ескертулерді жариялау мақсатында
дөңгелек үстелге жиналған жастар полицейлермен бірге рейдтерге шығуға уағдаласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...