Алматыға 300 автобус сатып аламыз — Ерболат Досаев

Алматы қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаев тұрғындардың автобустарға қатысты шағымына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Түрксіб өңірінің тұрғындарымен кездесуінде айтты.

«(…) Мектеп те, балабақша да орналасқан Магнитная көшесі бойымен бір ғана №74 автобус жүреді, тағы бір бағыт қосуға бола ма» – деп аудан тұрғындарының бірі әкімге сұрақ қойды.

«Жылжымалы құрамды жаңартып жатырмыз. 300 автобус сатып аламыз. Бұл учаскені интервал бойынша өлшейміз. Қажет болса, маршрутқа автобустар қосамыз», — деді Досаев.

«74-бағыт кесте бойынша жүреді. Тасымалдаушы — «Алматыэлектротранс», 10 жылжымалы құрам қозғалысты толығымен қамтиды. Қозғалыс аралығы 12-15 минут», — деп қосты Қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан.

Өңірлер және жаңа Конституция: Петропавлда «КИСИ GPS» алаңы өтті

Бүгін Петропавл қаласында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық...

«КИСИ GPS»: в Петропавловске обсудили новую Конституцию и роль регионов в ее реализации

Сегодня в Петропавловске состоялось заседание Национальной экспертной площадки «КИСИ...

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының...

Ләззат Рақышева: «Қылмыстардың басым бөлігін жәбірленушінің жақындары жасайды»

«Адам болмайсың, иттің баласы!» Бір қарағанда бұл ашумен айтылған...