29 қарашаға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігі әлі де суық солтүстік антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен күн ашық, алайда аяз болады.

Атмосфералық ағындардың өтуімен елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, көктайғақ болады.

ҚР бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, оңтүстіктің таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыста тұман түседі.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді, кейде тіпті одан да жоғары болады.

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Ауқымды жоба ұшқышсыз авиациялық жүйелерді әзірлеушілерді, жерүсті робототехникасы мамандарын,...

Казахстан нарастил производство и экспорт мороженого

35,1 тыс. тонн мороженого произведено в Казахстане  По итогам января–мая...