Түркістан облысының полицейлері жоғалған 2 жасөспірімді дін аман үйіне қайтарды

25.11.2022 жылы Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне 24.11.2022 жылы сағат 19.30 шамасында олардың кәмелетке толмаған балалары сабақтан кейін белгісіз бағытта кетіп, әлі күнге дейін үйлеріне оралмағаны туралы екі жергілікті тұрғын жүгінді.

Полиция қызметкерлері бұл жайтты бірден тіркеп, жоғалған жасөспірімдерді жедел іздестіруге кірісті. Жетісай АПБ-нің барлық жеке құрамы оларды іздеуге бағытталды. Полицейлер жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәгерлерден сұхбат алып, оқушылар бара алатын бағыттарды аралап шықты.

Үздіксіз жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жетісайлық полицейлер бір тәуліктен кейін Асықата ауылының маңынан жоғалған 2 жасөспірімді тапты.

Табылған жасөспірімдерді тәртіп сақшылары туыстарына аман-есен қайтарып берді.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның толық мән жайы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға жасөспірімдермен мұқият болуға және кәмелетке толмаған балаларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...