Шымкентте полицейлер 40-тан астам тұрғынды алдаған алаяқты ұстады

Қазан-қараша айларында Абай және Қаратау аудандық полиция басқармаларына ондаған азамат алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Жәбірленушілер үйіне белгісіз ер адам келіп, өзін елге танымал ірі компанияның қызметкері ретінде көрсетіп, тегін қызмет ұсынғанын хабарлады.

Артынша, ол арнайы бағдарламаға тіркеймін деген сылтаумен құрбандарының телефонын алып, олардың жеке мәліметтерін пайдалана отырып, онлайн несие рәсімдеген. Ақшаны жақын туысының есеп шотына түсіріп отырған. Осылайша, жас жігіт 44 сенгіш азаматты алдап үлгерген. Келтірілген шығын көлемі 6 000 000 теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алып, барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде Абай АПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері жер серіктік телевизиясының жалған жұмысшысының жеке басын анықтады. Ол, Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Тәртіп сақшылары оны Сайрам ауданында тұрғылықты жерінде ұстады. Сондай-ақ, күдікті осы жылдың тамыз айында дәл осындай қылмысы үшін үш жылға шартты түрде сотталғаны анықталды. Қазір жас жігіт сот шешімімен үйқамаққа алынды. Бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Егер бұл алаяқтың құрбаны болған азаматтар болса, полицияға арыз жазуды сұрайды.

Раушан НАРБЕК

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...