«Марика» атты қызметтік ит шетелдіктен есірткі табуға көмектесті

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне "Жібек Жолы" шекара бақылап-өткізу бекетінде Өзбекстан Республикасына өтпекші болған шетелдіктен есірткі заттары табылғаны бойынша хабарлама келіп түсті. Полицейлер анықтағандай, Марика  есімді қызметтік ит Өзбекстан азаматында есірткі затына ұқсас заттың бар екеніне белгі берген. 
Тәртіп сақшылары күдіктіні тінту кезінде оның  сырт киімінің қалтасынан есірткіге ұқсас затты тапты. Полицейлер тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес оның "гашиш" есірткісі екені анықталды. Күдікті шетелдік  қамауға алынды.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы "Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша тіркелді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. 
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты қандай да бір қылмыс жасағаны үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Новые веянья в работе судебных экспертов

          С укреплением суверенитета нашего государства Республики Казахстан все...

«ӘЛҚИССА» ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ ТҮРКИЯДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

Қазақстандық жас домбырашылар халықаралық байқауда үздік атанып, қазақтың ұлттық...