12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шымбұлақта тау шаңғысы маусымы қашан ашылады?

Шымбұлақта тау шаңғысы маусымы қашан ашылатыны белгілі болды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«26 қараша күні биік таулы курортта қысқы маусым ресми түрде ашылады. Шымбұлақта сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері түнгі уақытта да сырғанауға болады. Демалушылар үшін ұзындығы 25 шақырым болатын түрлі қиындықтағы 14 жол қарастырылған», — делінген әкімдік хабарламасында.

Алдағы маусымда «Шымбұлақта» Almaty Extreme Games және Happy Hour Сamp фестивалін және фристайл-могул мен фристайл-акробатика бойынша Әлем кубогының-2022/23 маусымындағы финалдық кезеңін өткізу жоспарланып отырғаны айтылды.

Oi-Qaragai тау шаңғы курортында қысқы маусым 3 желтоқсанда ашылады. Жалпы ұзындығы 22 шақырымдық 20 тау шаңғысы және шана-баллон жолдары ашылады.

«Шымбұлақ және Oi-Qaragai тау шаңғы курорттары бірыңғай маусымдық абонементті шығарады. Қыс мезгілінде абонемент иесі екі курорттағы көтергіштерді шектеусіз пайдалана алады. Бұл Алматы және Алматы облысының тау курорттарын біріктірудің алғашқы кезеңі», — делінген хабарламада.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2025 жылғы 15 мамырда Алматы қаласында Әдеп жөніндегі кеңестің...

Ашықтық – әділдік кепілі

Заң мен тәртіп әділетті қоғамның негізгі өлшемі. Сондықтан, заң алдында барлық адам тең,...

Судья көмекшісі институты сала жұмысын оңтайландырады

Ел соттарына судья көмекшісі институтын енгізу мәселесінің көтерілгеніне бірнеше...

Өнегелі отбасы

15 мамыр «Халықаралық отбасы күніне» орай, «Отбасы мен жұмысын қатар...

Профилактика и защита населения

В РАМКАХ РЕАЛИЗАЦИИ ПРИНЦИПА «ЗАКОН И ПОРЯДОК», ОЗВУЧЕННОГО ГЛАВОЙ...