Асқар Забикулиннің өмірін қиған өрттің себебі анықталды

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Астанадағы «Қаһарман» тұрғын үй кешеніндегі өрттің себебін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Биыл 16 қарашада Бауыржан Момышұлы даңғылы, 14 бойындағы «Қаһарман» тұрғын үй кешенінде өрт шықты, өрттің шығуына кеңейту желісіндегі апаттық операцияның пайда болуы, соның салдарынан электр сымдары тұтануы себеп болған», — делінген хабарламада.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға электр желілері мен розеткаларды қалыпты жағдайда ұстауға баса назар аударуды ұсынады.

Еске салайық, 16 қарашада елордалық өрт сөндірушілер Астанада өртеніп жатқан пәтерден бес адамды аман алып қалған болатын. Кейін адамдарды құтқарған өртсөндірушілердің аяқ-қолдары мен бетін күйік шалғаны анықталды. Денесінің 80 пайызын күйік шалған Асқар Забикулин көп ұзамай ауруханада жан тапсырды.

Незаконный бизнес, «левые» доходы

НЕРЕДКО УЛИЧЕННЫЕ В НАРУШЕНИЯХ СУБЪЕКТЫ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА ПЫТАЮТСЯ ПРОДОЛЖИТЬ РАБОТУ...

Новые подходы к праву

РАЗРАБОТКА НОВОГО ГРАЖДАНСКОГО КОДЕКСА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ДОЛЖНА ОТВЕЧАТЬ СОВРЕМЕННЫМ...

Опасные послания

Фасады домов, заборы и дворовые постройки превращаются в носители...

Сот жүйесі – заман талабына сай жаңғыру мен даму жолында

Еліміздің өркендеуі мен қоғамның тұрақты дамуы ең алдымен заң...

Интеллектуальный потенциал читающей нации

Школьники, студенты, педагоги, государственные служащие и целые семьи участвуют...