Проблемалық несиелерді өтеуге бюджет қаражаты бөлінбеді — Қаржы министрлігі

Мемлекет қазақстандықтардың проблемалық несиелерін өтеуге ақша бөлген жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қаржы министрлігі хабарлады. Қарашада 28 мың қазақстандықтың несиесі кешірілетіні белгілі болған еді.

«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі сіздің өтінішіңізді қарап, 2022 жылдың қарашасында проблемалық несиелерді өтеуге бюджеттен қаражат бөлінбегенін хабарлайды», — делінген вице-министр Дәурен Темірбеков қол қойған Қаржы министрлігі берген жауапта.

Бұған дейін микроқаржы ұйымдары 28 мың қазақстандықтың қарызын кешіретіні хабарланған болатын. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

ҚНРДА мәліметтері бойынша, 2022 жылдың аяғына дейін МҚҰ-да 432 мың қарыз алушыға 33,1 миллиард теңге сомасына проблемалық берешекті қайта құрылымдау, 107 мың қарыз алушыға 0,8 миллиард теңге сомасына проблемалық берешекті ішінара кешіру және 28 мың қарыз алушыға 0,6 миллиард теңге сомасына толық кешіру жоспарланған.

ҚНРДА мәліметтері бойынша, 1 қыркүйекке қазақстандық микроқаржы ұйымдары берген кепілсіз тұтынушылық кредиттердің көлемі 416 миллиард теңге болған. Қарыз алушылар саны 1,3 миллионнан асты.

Қаңтар-тамызда 90 күннен аса мерзімге кешіктірілген кепілсіз тұтынушылық микрокредиттердің үлесі 18,8 пайызға — 71,3 миллиард теңгеге дейін өсті. Проблемалық қарыз алушылардың саны — 434,2 мың адам.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...