Парламент үш жылға арналған бюджетті қабылдады

Мәжіліс депутаттары Сенаттың 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілген түзетулерін келісті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сенат жалпы сомасы 71,8 миллиард теңге болатын 57 түзету енгізді, оның ішінде 2023 жылы — 30 миллиард теңге, 2024 жылы — 29 миллиард теңге, 2025 жылы — 12,8 миллиард теңге. Бұл шығыстар жолдарды дамытуға, халықты ауыз сумен және табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сенат енгізген түзетулер республикалық бюджет жобасы параметрлерінің теңгерімін бұзбайды және экономиканы одан әрі тұрақты дамытуға және мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешуге бағытталған. Қаржы және бюджет комитеті «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына ҚР парламенті сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларды келісу туралы ұсыныс жасады», — деді Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Анатолий Бойчин.

Құжат ел президентінің қол қоюына жіберілді.

ЖИ әсерінен 400 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев Сенатта өткен брифингте жасанды интеллекттің жаппай енгізілуі Қазақстанның еңбек нарығына қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Қандай мобильді аударымдар тексеріледі? Жаңа талаптар түсіндірілді

Қазақстанда мобильді аударымдарға бақылау күшейтілгенімен, салық органдары барлық азаматты бірдей тексермейді.

Елімізде су тапшылығы күшейіп барады: Қай өңірлер қауіп аймағында? 

Қазақстанда су тапшылығы енді болашақтың болжамы емес, бүгінгі күннің нақты проблемасына айналып барады. Бірқатар аймақтар қазірдің өзінде құрылымдық су тапшылығын сезініп отыр.

Қазақстанда жаңа ордендер пайда болады: Сенат заңды мақұлдады 

Cенаторлар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды мақұлдады.

ҚАЗІР ТОЙМЕН ЕМЕС, ОЙМЕН ЖАРЫСАТЫН ЗАМАН

Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеуді үйлестіру, өткiзiлетiн салтанатты iс-шараларды...