12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

ІІО қызметкерлерінің штаттық санын жинақтау мақсатында Мамлют аудандық пробация қызметі түлектермен кездесу үшін ауданның ауылдық мектептеріне баруды жүзеге асырды.

Үгіт-насихат жұмыстары барысында ауданның бес мектебі қамтылды. Кездесулер 9-11 сынып оқушыларын, сондай-ақ мұғалімдерді, сынып жетекшілерін және ОМ меңгерушілерін шақыра отырып, мектептердің акт залдарында өтті.

ҚР ІІМ Шракбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы Ішкі істер органдарында күндізгі және сырттай оқу нысандарында жұмыс істеу үшін болашақ қызметкерлерді жоғары кәсіптік біліммен қамтамасыз ететін жетекші ведомстволық оқу орындарының бірі болып табылады.

Кездесу барысында барлық оқушыларға академияға қабылдау ережелері және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер түсіндіріліп, оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізімі ұсынылды. Пробация қызметкерлері түлектер мен мұғалімдердің барлық сұрақтарына толық жауап берді. Жасөспірімдер негізінен ҰБТ-да қажетті балл санына, бейіндік пәндерге, дене шынықтыру дайындығы бойынша жүктемеге, академия полигонында «Жас жауынгер курсын» өткізу тәртібіне және оқу орнын бітіргеннен кейін одан әрі жұмысқа орналасуға қызығушылық танытты.  Қатысушылар академиядағы курсанттардың өмірі туралы қысқаметражды бейнероликті тамашалады.

Бірыңғай білім беру процесі шеңберінде ішкі істер органдары үшін күндізгі оқыту факультетінде қылмыстық-атқару және әкімшілік-құқықтық мамандандыру бойынша мамандар, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер даярланады. Академия түлектеріне «лейтенант» арнаулы атағы және «бакалавр» академиялық дәрежесі беріле отырып, оқыту мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Академияда күндізгі оқу кезеңі құқық қорғау органдарында мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестіріледі. Курсанттар тегін нысанды және арнайы киім-кешекпен қамтамасыз етіледі, ай сайын стипендия, сондай-ақ демалыс кезеңінде тұрақты тұратын жеріне және кері қайту жол жүру құны төленеді.

 Пробация өкілдері өз сөздерін әлеуметтік төлемдер, тұрақты жалақы, жалдамалы тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы және зейнетақымен қамсыздандырудың жеңілдікті шарттары туралы ақпаратпен толықтырды.

Әңгіме соңында барлық тілек білдірушілерге ҚАЖД бөлімшелерінің кадр қызметтерінің байланыс телефондары бар буклеттер табыс етілді.

СҚО бойынша ҚАЖД

Мамлют ауданының ПҚБ

бастығы

әділет подполковнигі

А. Сейітова

Жаңа жыл мерекесіндегі ХҚКО мен МХҚКО жұмыс кестесі

       «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Жаңа жыл мерекесіне байланысты...

В области Жетысу введены в эксплуатацию новые объекты для повышения качества онкологической помощи

Сегодня в Областной многопрофильной клинике торжественно открыты новое здание...

Жетісу облысында онкологиялық көмектің сапасын арттыру бағытында жаңа нысандар пайдалануға берілді

Бүгін Облыстық көпсалалы клиникада күндізгі стационардың жаңа ғимараты және...

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Қазіргі сот жүйесінде дауларды тек қана шешіп қою емес,...

Тіл тағдыры – ел тағдыры

Тіл – ұлттың рухани негізі, елдіктің басты белгісі. Қай...