Жетісайлық полицейлер тұрғынның жоғалған жылқысын қайтарып, алғыс алды

Жетісай  аудандық полиция бөліміне Ынтымақ ауылының тұрғыны шағымданады. Ер адамның айтуынша, оның қорасында байланып тұрған  бір  бас тайы  белгісіз жағдайда шығып кетіп жоғалған. 
Аталған  жүйрік аттың бағасы базар нарқымен 300 000 теңгеден асады. Өзі 4 күн бойы ары-бері іздеп таба алмағаннан кейін, полицейлерден көмек сұрайды. Хабар алысымен тәжірибелі тәртіп сақшылары әрекет етіп, іздеуге кіріседі. Куәлардан жауап алып, жақын аумақтарды аралайды. Жол талғамайтын қызметтік көлікпен тау-тасты мұқият қарап шығады. 
Соның нәтижесінде көрші ауылдағы  басқа жылқылардың арасынан тұрғынның жоғалған жылқысын табады. Содан жылқы заңды иесіне қайтарылды. 
Жүйрік аттың егесі Баймахан Қыдырбаев өз сөзінде: «Полицейлерге, мың рақмет! Жоғалған жылқымды 1 тәулік ішінде тауып берді. Негізі бірінші өзім іздеп шығып едім, менің іздеуім сәтсіз болды. Ал, полицейлер өз істерінің нағыз маманы екендіктерін дәлелдеді. Жетісайлық тәртіп сақшыларына рақметімді айтамын!»-деп, шынайы ризашылығын білдірді. 

            Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...