Полицейлер браконьерден тіркелмеген мылтық пен оқ-дәрілерді тәркіледі

Кентау қаласының полицейлері заңсыз аң аулау және браконьерлік деректерін анықтауға, жолын кесуге бағытталған "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында, атыс қаруын заңсыз сақтау жайтын анықтады.
Тәртіп сақшылары мен "Охотзоопром" инспекторлары бірлесіп жүргізген рейд барысында, таулы аймақта күмәнді Кентау қаласының тұрғыны тоқтатылды. Тексеру кезінде ер адамнан «Мусин» маркалы тіркелмеген аңшы мылтығы мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша тіркелді. Бүгінгі таңда болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.            Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер, Сіз де, қаруды заңсыз сақтауға немесе браконьерлікке қатысты қандай да бір ақпарат болса, 102 телефоны полицияға хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...