Алаяқтық қылмысының 7 жайтына қатысы бар әйел анықталды

Түркістан полицейлері алаяқтық жасаған жұмыссыз әйелді қамауға алды
Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оны жақын таныс емес азаматша алдап кеткен. Яғни алаяқ, кәсіпкерлік үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз 5 миллион теңге алып беремін деп сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 200 мың теңге ақша алған. Алайда арадан жарты жыл уақыт өтсе де, сенген адамы не жәрдемақы алып бермеген, не алған ақшасын қайтармаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті орта жастағы әйел тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, орта жастағы әйел оңай жолмен ақша табу мақсатында, мемлекеттен қайтарымсыз несие әперемін деп, бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Сезіктінің жалпы 7 жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеге жуық. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Незаконный бизнес, «левые» доходы

НЕРЕДКО УЛИЧЕННЫЕ В НАРУШЕНИЯХ СУБЪЕКТЫ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВА ПЫТАЮТСЯ ПРОДОЛЖИТЬ РАБОТУ...

Новые подходы к праву

РАЗРАБОТКА НОВОГО ГРАЖДАНСКОГО КОДЕКСА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ДОЛЖНА ОТВЕЧАТЬ СОВРЕМЕННЫМ...

Опасные послания

Фасады домов, заборы и дворовые постройки превращаются в носители...

Сот жүйесі – заман талабына сай жаңғыру мен даму жолында

Еліміздің өркендеуі мен қоғамның тұрақты дамуы ең алдымен заң...

Интеллектуальный потенциал читающей нации

Школьники, студенты, педагоги, государственные служащие и целые семьи участвуют...