ЕҚЫҰ бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауына қатысты пікір білдірді

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ бақылаушылары Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауда бәсекелестік жетіспеді деп есептейді. Бұл ретте олар дайындық тиімді болғанына атап өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«…Тиімді дайындыққа қарамастан, сайлау заңнаманы ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сәйкестендіру үшін одан әрі реформалар қажеттігін көрсетті», — деді ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі Уршула Гацек.

Ол кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары туралы да айтты.

«Қазіргі президент барлық парламенттік партияның біріккен кандидаты ретінде сайлауға түсті және шын мәнінде, оған айтарлықтай қарсылық болған жоқ», — деді Гацек.

Миссия басшысы Қазақстан халқын жүргізіліп жатқан реформаларды, оның ішінде сайлауға қатысты заңдар мен оларды жүзеге асыруға қатысты шараларды жалғастыруға шақырды. Ол кандидаттарға, оның ішінде біліміне, тұрғылықты жеріне және мемлекеттік қызметтегі немесе сайланбалы қызметтегі тәжірибесіне қатысты талаптарды төмендетуге кеңес берді.

Оның айтуынша, мониторинг жүргізілген барлық телеарна сайлау науқанын жаңалықтарда бірдей көрсетуге қатысты заң нормаларын сақтаған.

Прозрачность, профессионализм и равные возможности для всех кандидатов

В Казахстане внедряется обновлённая система отбора на государственную службу....

Елім деген ер болса, ер деген ел болады

5 наурыз – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама...

ЗАКОН И ПОРЯДОК

Сегодня в Казахстане концепция «Закон и порядок» перестает быть...

Цифрландырудың сот төрелігіне қол жеткізуге әсері

Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда....

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»»

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі....