12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот кабинеті және оның мүмкіндіктері

Сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында ҚР Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» электронды форматын әзірледі.

Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалынды. Осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап қою, арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, жалпы сот ісіне қатысты барлық құжаттарды қадағалап отыруға болады.

Демек, «Сот кабинеті» өте ыңғайлы және үнемді, сотқа жүгінуге ниет білдірген тұлғалар үйінен шықпай-ақ уақыттары мен қаражаттарын үнемдей отырып, барлық қажетті арыздар мен құжаттарды жібере алады.

Сондай-ақ, бүгінгі күні «Сот кабинеті» сервисінде QR-кодтарының жаңа технологиясы енгізілді. Халыққа ыңғайлы болу үшін және бірыңғай стандартқа көшу мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде авторизациядан өту және ұсынылатын құжаттарға қол қою тетігі өзгертілді.

Енді авторизациядан өту және құжаттарға қол қою Egov mobile мобильді қосымшасының Face ID және Touch ID (QR-кодты сканерлеу) арқылы мүмкін болады.

Артықшылықтарына тоқталсақ, eGovmobile арқылы ЭЦҚ алу, мобильді гаджеттердің қосымша параметрлерінің қажеттілігінің болмауы, мобильді гаджет арқылы авторизациядан өту және құжаттарға қол қою болып табылады.

«Сот кабинетін» электронды цифрлық қолтаңбасы бар республиканың кез келген азаматы тұтына алады. Халық арасында «Сот кабинетін» қолданушылардың саны күннен күнге көбеюде.

Аталмыш сервистің басымдығы — сот жүйесінің беделін арттыру, халықтың соттарға деген сенімін нығайту болып табылады.

Қызылорда қалалық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы

 И.Н.Ділмағанбетова

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...