Абай облысы Семей қаласы Затон аудандық пробаци қызметінің қызметкерлері «Қан тамшысымен- өмірді сақтап қалу!» акциясын өткізді

​Қазіргі медициналық статистика көрсеткендей, қан мен оның компоненттерін қолданбай медицинаның бірде-бір саласы жасай алмайды. Қан тапсырудың рөлін асыра бағалау қиын, өйткені дәрігерлер жыл сайын жүздеген мың адамды қан құю арқылы құтқарады.

​Бүгін Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметі қызметкерлері «Қан тамшысымен- өмірді сақтап қалу!» акциясының аясында қан тапсырды.

​Біздің Республикада халықтың денсаулық деңгейі төмендеуде. Донорлық қанға қажеттілік туындаған кезде, денсаулық жағдайы бойынша аурулар мен көрсеткіштердің көптеген тізімдер қарастырылған. Ғалымдар жасанды жолмен алуға болатын донорлық қан алмастырғыштарды іздеумен белсенді айналысуда.
​Ата заңымыз Конституцияда жазылғандай Республиканың ең қымбат қазынасы –ол адам және де адамды құтқару тек адам қолынан келеді, осыған байланысты бүгінгі құтқарушы қан тамшысы көптеген адамдардың өмірін сақтап қалады деген үміттеміз деп атап өтті бөлім бастығы Эрик Усербаев.

​Донор-бұл мамандық та, жұмыс та емес, бірақ бұл адамдар таңданыс тудырады, жұрт оларды мақтан тұтады, себебі олар басқаларға ең құнды нәрсені беруде, оны кез — келген заманауи технологиямен дамыту немесе химиялық заттармен алмастыру мүмкін емес.

​»Донор» сөзінің латынның «donare» сөзінен шыққанының өзі кездейсоқтық емес, бұл «сыйлау» деген мағынаны білдіреді. Осы акцияларға ерікті қатысқандарыңыз үшін баршаңызға мыңда бір алғыс айтамын!» деп сөзін Қан тапсыру орталығының бас дәрігері Айгуль Бекеновна тамамдады.

Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі Атабаева Айгерим

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...