Полицейлер жұмыс берушісінің қазандарын ұрлаған жас жігітті анықтады

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне әйел тұрғын арызданды. Оның айтуынша, үйінен құны 40 000 теңге тұратын 2 дана қазанын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Хабарлама түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына келді. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде ұрлық жасаған сезікті жергілікті тұрғын, жәбірленушінің үйінде құрылыс жұмыстарын жүргізген жас жігіт болып шықты.
Анықталғандай, күдіктінің бөтеннің мүлкіне көзі түсіп, оңай жолмен олжалы болуды көздеген. Содан 2 темір қазанды ұрлап, арнайы темір қабылдайтын орынға алып барып өткізіп, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда тұрғынға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға тұрғын үйлеріңізге, дүкендерге, ғимараттарға бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Өз мүліктеріңізге сақ болыңыздар.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...